Ұлттық статистика бюросы азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылы азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен.

Орташа есеппен жан басына шаққандағы айлық тұтыну мөлшері:

  • картоп – 3,8 кг
  • бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг
  • сиыр еті – 2,1 кг
  • алма – 1,6 кг
  • құмшекер – 1,5 кг
  • күріш – 1,4 кг
  • шикі сүт – 1,1 литр
  • айран – 1 литр
  • жұмыртқа – 17,6 дана
  • макарон өнімдері – 0,9 кг
  • жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
  • қара шай – 0,1 кг

"Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде отбасының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі. Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз