Сыйлық тек екі аталым бойынша беріледі.
Қазақстанда қаламгер Таласбек Әсемқұловтың атындағы әдеби байқау жарияланды, оның аясында жазушылар "Үздік әдеби туынды" және "Таласбектану" аталымдарында материалдарын ұсына алады.
Байқау шарттарына сәйкес, қаламгерлерге жас шектеуі қойылмайды, сондай-ақ шығарманың жанры мен көлеміне шектеу қойылмайды.
"Таласбек" сыйлығына шығармаларды қабылдау және іріктеу жұмыстары жыл сайын 1 наурызда басталып, 1 тамызда аяқталады. 7 тамыз күні сыйлықтың қысқа тізіміне (short list) енген шығармалар жарияланады.
Сыйлық қорытындысы жыл сайын 23 қыркүйекте жарияланады.
Ескеретін жайт, "Үздік әдеби туынды" аталымына шығармалар тек қазақ тілінде қабылданады және шетел әдебиетінен жасалған аудармалар қабылданбайды. Ал "Таласбектану" аталымына тілдік шектеу қойылмайды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда "Ұлттық кітап" байқауына өтінім қабылдау басталды
16 наурызда Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау басталады