1 қаңтардан бастап эпилепсияға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек тегін беріледі. Инсульт алғандарға да бір жыл бойы осындай әлеуметтік көмек көрсетіледі.


Бұрын аурудың бұл түрлеріне препараттар Мәмс жүйесінің шеңберінде қарастырылатын. Жалпы, тегін дәрі-дәрмекпен жыл басынан бері 4 миллиондай науқас қамтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл негізінен диспансерлік есепте тұрғандар. Яғни, қант диабеті, қан қысымы бар науқастар. Сондай-ақ онкологияға шалдыққандар дәрі-дәрмектің кей түрін тегін алады.

Биылғы мемлекеттік сатып алу науқаны кезінде медициналық мекемелер 1800 түрлі преппаратқа өтінім берген. Олардың жалпы сомасы 533 млрд теңге.

Министрлік биыл дәрі-дәрмектің тізімін жасақтауға айрықша ден қойылды дейді. Осылайша, қоймалардағы артық препараттардың саны айтарлықтай азайып, 85 млрд теңге үнемделген.