Абай облысының Жарма ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Калбатау ауылының блок-бекетінде "Зайсан-Өскемен" бағытындағы 35 жолаушысы бар автобус қалып қойды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
"ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге 35 адамды, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізіп орналастырды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады. ️ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады!", — делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салсақ, кеше, 30 желтоқсанда синоптиктер күн бұзылатынын ескерткен. "Қазгидромет" көптеген өңірде қар жауып, боран соғатынын хабарлаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз