Жаңа жылдың алдында қарбалас. Жұрт мерекеге дайындалады. Ойын-сауық та көп. Осы ретте көпшілік қызық үшін пиротехникалық заттарды жарыса сатып алады.
Алайда мұның қауіпті екенін ескере бермейді. Осы себепті елде 1200-ден астам рейд жүргізілген. Нәтижесінде 250-ге жуық адамға айыппұл салынған. Бұл орайда тиісті құжаты жоқ өнімдер заңсыз айналымнан тәркіленеді. Айта кетейік, былтыр жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникадан 63 адам зардап шеккен.
Елдос Зияда, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:
- Негізгі жұмыс пиротехниканы сату бойынша өрт салдары 31-нен 1-не қараған түні өтеді. Сол күні бұйымдарды қолданады. Сол кезде де өрт саны, адамдарға зақым келуі тіркеледі. Өзіміз де білеміз тауарды базарларда барлық жерде ашық сататынын. Қазір заң бойынша лицензиясы бар арнайы жерде қалай сақтайды. Соның барлығы қаралады.