Нұртас Кәріпбаев Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 30 желтоқсанда Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Нұртас Ғалымұлы Кәріпбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", — делінген хабарламада.
Ол бұл қызметті 2024 жылы тағайындалды.
Нұртас Кәріпбаев 1986 жылы 20 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін бітірген.
- Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
- Қарағанды облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
- Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы және Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.