Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Жаңа жыл және Рождество мерекесінде ХҚКО мен МХҚКО қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Қазақстан азаматтарына мерекелік күндерде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-дардың жұмыс тәртібі туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылдың 1 және 2 қаңтары, сондай-ақ 7 қаңтарда барлық ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар жұмыс істемейді.

“3 қаңтар (сенбі) кезекші ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар үшін жұмыс күні болып табылады. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі”, – делінген хабарламада.

5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХҚКО • ЦОН • Госуслуги (@gov4c.kz)

Айта кету керек, будние күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде арнайы ХҚКО-дар, азаматтарды 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

“Кезекші ХҚКО және арнайы ХҚКО-дар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді”, – еске салды мемлекеттік корпорация.