Бішкекте блогер Акума президент Садыр Жапаровпен жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалған сурет жариялағаны үшін айыппұлға тартылды. Енді ол шығармашылық "шабыты" үшін 5500 сом (32 мың теңгеден астам) төлейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жақында Қырғызстан тұрғыны ЖИ арқылы президентпен сурет жасап, оны әлеуметтік желілерге жариялаған. Сурет тез арада таралып кетті.
Жарияланым дереу Бішкек қалалық ІІД тарапынан тексерілді.
Содан кейін блогер табылып, Октябрь аудандық сотына жеткізілді. Vesti.kg басылымының хабарлауынша, оған 5500 сом көлемінде айыппұл салынды.
Адвокат Шердор Абдыкапаровтың пікірінше, сот шешімі гумандық сипатта, өйткені мұндай сурет мазақтау формасына жатады және заң бойынша жазаланатын әрекет болып есептеледі.
Айта кетейік, бұған дейін біз бір мектеп оқушысы туралы хабарлаған едік: ол бір метрлік қардан өтіп, Садыр Жапаровдан сыйлық алған болатын.