Өрт сөндірушілер Атыраудағы базарлардың бірінен аумағының шыққан өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Атырау қаласы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінің аумағында киім бутиктерінің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖМ-ның алғашқы бөлімшелері келген кезде контейнер типтегі бутиктердің ашық жалынмен жанып жатқаны, сондай-ақ өрттің көршілес бутиктерге таралу қаупі бар екені анықталған.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес сауда нүктелеріне таралуына жол берілмей, өрт қысқа мерзімде 500 ш.м. алаңда сөндірілген.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Атырау облысы ТЖД (@112atyrau)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз