Синоптиктер 2025 жылдың соңғы дүйсенбісінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

29 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысында жолда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада түнде жолда көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі.

29 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

29 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

29 желтоқсанда күннің соңында Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күннің соңында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.

29 желтоқсанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.

29 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

29 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

29 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда тұман, көктайғақ күтіледі.

29 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

29 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.

29 желтоқсанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

29 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

29 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

29 желтоқсанда Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

29 желтоқсанда Жамбыл облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз