Синоптиктер жексенбі 28 желтоқсанда Қазақстан өңірлерінде дауыл тұратынын ескертті. Қарлы боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

28 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

28 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматы қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

28 желтоқсанда Атырау облысында түнде қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар жауады, жаңбыр) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында 28 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады.

28 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

28 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында 28 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады.

Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланады.

28 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

28 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

28 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жезқазған қаласында 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

28 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында 28 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

28 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

28 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 28 желтоқсанда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

28 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

28 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз