Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.

Подъездегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.

"Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз". Төтенше жағдайлар министрлігі