Ертең, 27 желтоқсанда Қазақстанның көптеген өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік өңірлерде қар жауып, тұман түседі. Сондай-ақ синоптиктер Батыс Қазақстан облысында қар нормадан көп жауатынын ескертті, деп жазады "Қазгидромет".

27 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

27 желтоқсанда түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкенттте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Түркістанда көктайғақ, кей уақыттарда тұман күтіледі.

27 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі

27 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

27 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында қар нормадан көп болады деп болжануда.

27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нормадан көп жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

27 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

27 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Өскеменде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Семейде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

27 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с. Алматы да түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

27 желтоқсанда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 27 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз