Газада дәрі-дәрмек тапшылығы артты. Бұл жөнінде Палестина медициналық көмек қауымдастығының басшысы Мохаммед Әбу Афеш мәлімдеді.

1200 палестиналық науқас дәрі-дәрмектің жетіспеуі салдарынан көз жұмған. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар науқастардың денсаулығы ушыққан. Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылғы шілде айы мен 2025 жылғы 28 қараша аралығында Газа секторында 1092 науқас медициналық эвакуацияны күтіп қайтыс болды.