Air Astana Фукуок-Алматы рейсіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, 26 желтоқсанда КС 162 Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға барлық дәретхананың істен шыққанына байланысты ұшып шығу әужайына қайтып оралған.

Әуе кемесі 10 сағат 04 минутта ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 14 сағат 14 минутта аман-есен қонған.

"Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды.

Ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуекомпаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасуда", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз