Боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова "Жылдың үздік спортшысы" атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі "Үздік-2025" марапаттау рәсімінде екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова "Жылдың үздік спортшысы" номинациясында марапатталды.

"Бұл жыл өте нәтижелі болды. Ерекше жыл болды. Өзіме келер болсам, жарты жылда екі дүркін әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Ал еліміздің астанасында бірінші рет әлем кубогы өткен еді. Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары өте жоғары деңгейде өтті. Биыл Қазақстанда бокстан екі дүркін әлем чемпионы болып жатқандар бар. Үш дүркін әлем чемпионы атанып жатыр. Сондықтан өте керемет жыл болды, Алла қаласа 2026 жылы да Қазақстан үшін нәтижелі жыл болады деп сенемін", — деді Алуа Балқыбекова марапаттау рәсімінен кейін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз