Елімізге Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан қарсы алды.
Мелони 26-27 сәуір күндері Қазақстанға президент Тоқаевтың шақыруымен келуі тиіс болған. Тараптар қазақ-итальян стратегиялық әріптестігін дамытудың келешегін талқылауды жоспарлаған еді.
Алайда Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты Италия тарапының сапары және «Орталық Азия – Италия» алғашқы саммиті кейінге шегерілді.