Алдағы мереке күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Бүгін Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары, жаңартылған тиісті заңнама нормаларын енгізу, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар пысықталды. Ел өңірлерінде барлығы 1 мыңнан астам бұқаралық іс-шара жоспарланған. Олардың басым бөлігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты Премьер-министр тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Біздің міндет – іс-шаралар өтетін жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ету. Көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың профилактикасының тиімді жүйесін құрған жөн. Жағдайды бақылауға алып, оның ішінде бейнекамералар арқылы визуалды бақылау ұйымдастыру қажет. Қажет болған жағдайда оқиғаларға шұғыл әрекет ету шараларын қамтамасыз етіңіздер. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандарда лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін кешенді профилактикалық шаралар қабылдансын. ІІМ мен ТЖМ-ға күшейтілген режимде жұмыс істеу тәртібіне көшуді тапсырамын.
Өрт қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге де баса назар аударылды. Төтенше Жағдайлар Министрлігі күштерімен адамдар көп жиналатын 7 мыңнан астам нысан тексеруден өтіп, анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Сондай-ақ айналымнан 700 бірліктен астам және 97 қорап сертификатталмаған пиротехника алынды.
Шыңғыс Әрінов, төтенше жағдайлар министрі: