Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Пиротехникаға» қатысты рейдтер жүріп жатыр. Полиция 700-ден астам отшашу мен 100-ге жуық сертификатталмаған пиротехникалық өнім қорабын тәркіледі.

Жалпы акция басталған 20 желтоқсаннан бері 1200-ден астам бірлескен рейд жүргізіліп, 200 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.