2026 жылдың ақпанында Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) жеткізілетін алтын фьючерстерінің құны тарихи рекордты жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нарық деректеріне сүйенсек, баға 24 желтоқсанда троя унциясы үшін 4 550 доллардан жоғары көтерілді.
Қазақстан уақыты бойынша 06:23-те қымбат металдың бағасы троя унциясы үшін 4 553,4 долларды (+1,88%) құрады.
07:15-тегі жағдай бойынша алтынның құны өсуді бәсеңдетіп, троя унциясы үшін 4540 доллар деңгейінде болды (+1,58%).
Сонымен қатар, 2026 жылдың наурыз айында Comex биржасында жеткізілетін күміс фьючерстерінің құны троя унциясы үшін 72,325 долларға (+5,48%) дейін өсті.
Бұған дейін 23 желтоқсандағы саудада доллар бірден бес теңгеге арзандағанын жазғанбыз.