22 желтоқсанда Гардабани қаласының бас шыршасын жағу рәсімінде өрт шығып, шырша толығымен жанып кетті. Салдарынан қалада электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гардабани қаласы Тбилисиден шамамен 40 км қашықтықта орналасқан. Оқыс оқиға қысқа тұйықталу салдарынан болған. Бұл туралы Exclusive news басылымы жазды.
"Ашығын айтқанда, ол түгі қалмай жанып кетті",- деді куәгерлер.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Төтенше жағдайлар қызметі өрттің толығымен сөндірілгенін мәлімдеді. Оқиға фактісі бойынша полиция "абайсызда басқа біреудің мүлкін бүлдіру немесе жою" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Ким Чен Ынның қызымен бірге Солтүстік Кореядағы жаңа қонақүйлерді тексеріп шыққанын жазғанбыз.