Бас қалада белгілі күйші, компазитор Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» атты концерттік кеші өтті. Онда автордың «Ақ жауын», «Ару ана», «Күлтегін» сынды күйлері мен әндері орындалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнер жиынына Гүлмира Сарина, Ерлан Рысқали, Бибігүл Қилымхан секілді дәстүрлі орындаушылар қатысты. Секен Кәрімұлы елу жылға жуық шығармашылық жолында 18 күй мен оншақты әнді өмірге әкелді. Тырнақ алды туындыларының бірі «Көңіл толқыны» атты күйі отыз жылдан аса халық жадында жаңғырып, ел жүрегінде тербеліп келеді.
Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:
- Шығармашылық кешім – «Көңіл толқыны». Ковидтің кезінде көп кідіріс болды. Сондықтан енді есеп елге, тыңдарманға. Күйді мың адам тыңдайды, бір адам ғана ұғады. Сондықтан оны бойлай білетін тыңдарманға байланысты нәрсе. Сондықтан күйді мен бүгінгі тыңдармандарыммен бөлісетініме қуаныштымын.