Бүгін, 2025 жылғы 23 желтоқсанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі жүргізуші куәліктеріне қатысты қызықты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ұсынылған деректере сүйенсек, жыл басынан бері еліміз бойынша 670 мыңнан астам азамат белгілі бір санат бойынша көлік құралын басқару құқығына ие болған.

"Қаңтар айында ең көп жүргізуші куәлігі берілген. Бұл айда 103 549 құжат табысталған. Қыс мезгілінде тәжірибелік емтихан тапсыру жүргізушінің нақты әрі күрделі жол жағдайларына дайындығын көрсетеді деген пікір бар", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2025 жылы 22 желтоқсанда Шымкентте Мамандандырылған ХҚКО-дағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар жүргізуші куәлігін заңсыз беру схемасын түзген.