Келесі жылы Шымкентте қоғамдық көліктегі жолақы тарифі қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов айттты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, қазіргі уақытта Шымкентте жолақы ересектер үшін – 70 теңге, студенттер үшін – 50 теңге.
Ролан Ибрагимовтың айтуынша, жолақыны көтеру жоспарда бар.
"Жолақы құны шамамен 120 теңге болады. Алайда бірінші тоқсанда жолақы қымбаттамайды", – деді ол.
Сондай-ақ басқарма басшысы көлік кептелісін азайтып, жолаушылар тасымалын жеңілдету мақсатында жаңа көлік жүйесін енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
Айта кетелік, Шымкентте күн сайын 350-370 мың жолаушы автобус қызметін пайдаланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз