Қарағандыда «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Еңбегі жанған арулар» атты жұмысшы әйелдер форумы өтті. Онда өңірдің дамуына үлес қосқан қыз-келіншектер марапатталып, оларға сертификат пен алғыс хат табысталды. Олардың дені тракторист, механизатор, сауыншы, тоқымашы, тігінші секілді қарапайым жұмысшылар.

Арайлым Байдашова, тракторшы:

Қазір көбі ауылға келгісі келмейді. Тракторды жолдасыма көмектесу мақсатында 5 жыл бұрын үйрендім. Қазір жолдасым екеуміз шағын шаруа қожалықты жүргізіп отырмыз. Әрі қарай үлкен бір фермеріміз болады деген үміттеміз. Еңбектену керек деп ойлаймын. Еңбектенсең — еңбегіңнің жемісін көресің.

Жандос Бақытұлы