Қаржы мониторингі агенттігі TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирде заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен екі адамды қамауға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, күдіктілер екі жыл бойы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде "Тринька" атты заңсыз құмар ойын өткізген.
"Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген "дроперлерді" пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған.
Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған", — дейді ҚМА ресми өкілі.
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз