Дүйсенбі, 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі сезілді. Сейсмологтар Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан ұлттық деректер орталығы порталының мәліметі бойынша, Қытайда 22 желтоқсанда таңғы сағат 2:16-да жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің афтершогы Алматы тұрғындарына да сезілді.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, Қазақстан мегаполисінде жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.

NUR.KZ тілшісі қосымша ақпарат алу үшін қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның басында Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 км жерде орналасты. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі ешқандай ғимарат немесе басқа да құрылыстардың зақымдалмағанын хабарлады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз