Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстікте және шығыста қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас, көктайғақ және тұман болжанады. Батыста да жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ болады.
Астана — көшпелі бұлтты, кейде аздаған қар жауады, боран. Түнде ауа температурасы 16-18 градус аяз, күндіз 12-14 градус аяз.
Алматы — көшпелі бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Түнде температура 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылу.
Шымкент — көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, тұман. Түнде температура 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
Түркістан — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
Қонаев — көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Түнде температура 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылу.
Талдықорған — көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Түнде және таңертең кейде тұман. Түнде температура 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
Қызылорда — бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Түнде температура 13-15 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.
Тараз — көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ. Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
Ақтау — көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Түнде температура 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылу.
Атырау — көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Түнде температура 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылу.
Орал — бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде температура 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.
Ақтөбе — бұлтты, түнде қар жауады. Түнде температура 9-11 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.
Қарағанды — көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған қар жауады, боран. Түнде температура 15-17 градус аяз, күндіз 12-14 градус аяз.
Жезқазған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.
Қостанай — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.
Көкшетау — көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, боран. Түнде температура 17-19 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.
Петропав - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, боран. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.
Павлодар — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.
Семей — көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде температура 18-20 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.
Өскемен — көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Түнде температура 20-22 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!