Елордада AIF-2025 форумы өтті.

Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов AIF-2025 форумында Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Сөзінше, Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

"Атом энергетикасына келсек, Қазақстан Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде 2050 жылға қарай ядролық энергияны пайдалану көлемін 3 есе арттыру туралы халықаралық декларацияға қосылған. Уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұрған елімізде атом энергетикасын дамытуға қажетті барлық жағдай бар", — деді Әлібек Жамауов.