Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Орталық Азия – Жапония” диалогының бірінші саммитіне қатысты.