Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Мағжан Ильясов президент Дональд Трампқа сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Мағжан Ильясов Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесті.
"Вашингтон, 2025 жылғы 16 желтоқсан — Ақ үйде Қазақстан Республикасының елшісі Мағжан Ильясовтың Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті" — делінген СІМ хабарламасында.
Айта кету керек, сенім грамоталары — елшінің өз елін басқа мемлекетте ұсыну өкілеттігін растайтын ресми құжат. Олар бір мемлекет басшысының атынан екіншісіне беріледі және алғашқы аудиенцияда жеке табысталады, содан кейін елші аккредиттелгендер қатарына қосылып, өз міндеттерін орындауға кіріседі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз