Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштері жоспарлы түрде орындалып жатыр. Бұл туралы Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әкімдіктің хабарлауынша, жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 51,8 млрд теңгеге жетіп, жыл бойы өндіріс көлемінің тұрақты өсуі қамтамасыз етілген.
"Есепті кезеңде 23 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, нәтижесінде 82 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде дәнді дақылдар 7,0 мың гектарды, майлы дақылдар 3,3 мың гектарды, көкөніс-бақша дақылдары 1,8 мың гектарды, ал мал азығы дақылдары 10,9 мың гектарды құрады.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ірі қара мал саны 96,3 мың басқа, уақ мал 97,9 мың басқа, жылқы 21,2 мың басқа, құс басы 1 207,1 мың басқа жетті. Ағымдағы кезеңде 6,6 мың тонна ет, 64,8 мың тонна сүт және 219,3 млн дана жұмыртқа өндіріліп, қала тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі сақталды", — делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз