Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласында Нархоз университетінің ТЭО ЖПМ ұйымы ұйымдастыруымен ICE SCREAM CUP XII республикалық жас пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өткізілді.

2025 жылдың 15-16 желтоқсанында өткен бұл турнирге еліміздің әр аймағынан 160 жас қатысушы қатысты.

Жарысқа Қазақстанның 6 аймағынан – Тараз, Шымкент, Алматы облысы, Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан командалар келіп, өз бақтарын сынады. Турнирге 80 команда қатысты, ал іс-шараны тамашалауға 500-ден астам көрермен жиналды.