Елорданың екі түрлі ауданында бір тәуліктің ішінде екі қайғылы жағдай орын алды. Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Полиция мәліметінше, екі оқиға да 2025 жылдың 18 желтоқсанында болған. Алғашқы хабарлама «Highvill» элиталық тұрғын үй кешенінің аумағында ер адамның мәйіті табылғаны туралы түскен. Тексеру барысында марқұмның тұлғасы анықталды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Көп ұзамай қаланың басқа бөлігінде тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Елорданың тұрғын үйлерінің бірінде әйел адам 18-қабаттан құлап кеткен. Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оқиғалардың себеп-салдары анықталып жатыр.