2026 жылдың басында Қазақстанда құрылыс объектілерін жоспарлаудан бастап пайдалануға беруге дейін сүйемелдейтін Бірыңғай құрылыс порталы пилоттық режимде енгізіледі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Жаңа платформа қолданыстағы жүйелерді біріктіріп, eGov арқылы «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді. Негізгі мақсат – рәсімдерді қайталамау және мерзімдерді қысқарту. Болашақта жобаларды сараптау процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарланып отыр.
Порталдың іске қосылуы құрылыс саласындағы процестердің ашықтығын арттырып, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетеді деп күтілуде.