Ақтөбе облысында жүкті келіншектің қазасына қатысты тергеу басталды. 41 жастағы әйелдің отбасы ана мен бала өліміне жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық төрт ай бұрын отбасымен көрші Атырау облысынан балаларының оқуына байланысты Ақтөбеге көшіп келген. Жаңа қонысы жайлы болады деген үміті ақталмады. Үш апта бұрын жүкті келіншегі ауырып, жедел жәрдем шақырады. Ондағы мамандар қан қысымының көтерілгенін айтып, дәрі беріп, егеді. КТК ақпарына сүйенсек, екпеден соң жарының жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізгенде есінен айырылған. Екі апта комада жатып көз жұмды. Дүниеге келген сәбиі де перзентханада шетінеп кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау бақармасындағылар ана мен бала өліміне қатысты тексеру жүріп жатқанын айтады. Соның қортындысы бойынша ғана 41 жастағы келіншектің неліктен көз жұмғаны анықталады.
"Қаралы отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Аймақта ана өлімі тіркелгені рас. Қазір денсаулық сақтау бақармасы тарапынан жан-жақты тексеру жүріп жатыр. Соның нәтижесінде ғана нақты шешім қабылданады. Оның қорытындысымен марқұмның туыстары міндетті түрде танысады". Анар Ақатаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы
Бұған дейін Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасағанын жазғанбыз.