Ақтауда полицейлер көліктен шыққан өртті сөндіріп, тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 18 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қасымхан Даулетов пен Ильяс Өмірзақов 14-шағынауданына қарсы жол қиылысында Nexia автокөлігінің өртеніп жатқанын байқап, дереу әрекет еткен.

Олар қосымша экипаж шақырып, жол қозғалысын уақытша жауып, жедел басқару орталығына хабарлаған.

Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері Ерлан Өмірзақұлы, А.Байтілеуов және Ерлан Бегениешев жетіп, өртті сөндіруге көмектескен.

Оқиға барысында көмек көрсету үшін тоқтаған жүргізушінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Ильяс Өмірзақов пен Қасымхан Даулетов азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт сөндірілген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз