Боксшы Балауса Мұздиманның 27 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі мойын жарақатына байланысты өтпейтін болды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшы желі қолданушыларына бейнеүндеу жариялады.

"Бұл жекпе-жекке мен және менің командам ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Дайындыққа көп еңбек пен күш жұмсалды, оқу-жаттығу процесі толық көлемде өтті.

Қазіргі уақытта мен қалпына келу кезеңінен өтіп жатырмын және жоспар бойынша жұмысымды жалғастырудамын. Жаңа жылдан кейін жаңа энергиямен қайта ораламын", — деп жазды боксшы.

Былғары қолғап шебері бірінші кезекте тезірек жарақатынан жазылуына басымдық беретінін айтып, қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысын жеткізді.

Айтуынша, бокс кеші оның қатысуынсыз өтеді, алайда оған баруға болады. Бағдарламада қазақстандық боксшылар Али Ахмедов, Бекман Сойлыбаев және басқа да спортшылардың жекпе-жектері жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BALAUSSA MUZDIMAN (@muzdi___)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз