Индонезияда 2025 жылғы 16 желтоқсанда Инггой өзенінде шомылып жүрген Афан есімді он жасар балаға қолтырауын шабуылдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Sun газетінің жазуынша, бауырымен жорғалаушы балаға күтпеген жерден тап беріп, су астына қарай сүйреп әкеткен.
Куәгерлер құтқарушыларды шақырған. Мамандар оқиға орнын тексеріп, жағалауды шолып шыққан. Артынша өзенге құтқарушылар үрмелі қайықпен, ал қарапайым тұрғындары өздерінің дәстүрлі ұзын қайықтарымен шыққан.
Жұмыстар барысында екінші қолтырауын бар екені де анықталды. Осыған байланысты, шаралар аса сақтықпен жүргізілуде. Бұл ретте, жергілікті қолтырауын ұстаушылар да тартылды, олар жыртқыш қайтып оралған жағдайда көмектесуі керек.
Бұған дейін Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтіргенін жазғанбыз.