«Самұрық-Қазына» ұлттық қоры Qazaq Air әуе компаниясының 51% акциясын вьетнамдық Sovico Group компаниясына 1,02 млрд теңгеге сатты.
Бұл дерек қордың 2025 жылдың 9 айына арналған қаржылық есебінде көрсетілген. Мәміле толықтай 2025 жылдың 6 мамырында аяқталған.
Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» Qazaq Air компаниясының 49% акциясын өз иелігінде қалдырды. Әуе компаниясы алғаш рет 2023 жылы жекешелендіруге шығарылғанымен, сол кезде конкурсқа өтінім түспеген.
2024 жылы Мемлекет басшысы Qazaq Air-ді вьетнамдық инвесторларға сату туралы шешім қабылданғанын хабарлаған. Инвестор компанияның қарыздарын өтеу және әуе паркін жаңарту міндеттемесін алған.
Қазіргі құрылым бойынша Qazaq Air акцияларының 49%-ы Sovico Group-қа, 49%-ы «Самұрық-Қазынаға», 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.