Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Алматыда жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Алматыда жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Алматыда жаңа жылдық шырша шамы жағылды.

Республика сарайының алдына орнатылған бас шыршаның биіктігі 22 метр. Оны безендіру үшін ұзындығы 7 шақырымға жететін гирлянда ілінді. Сондай-ақ мультимедиялық технология, сәндік заттар, ойыншықтар мен сыйлық иллюминациясы кеңінен пайдаланылды. Әсіресе таңнан бері жауған қар қала тұрғындарын ерекше әсерге бөледі. Мерекелік кеш «Кел, Жаңа жыл!» атты вокалды-хореографиялық қойылыммен басталды. Онда қазақстандық сахна жұлдыздары, шоу-балет артистері мен мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетті. Шара концертке ұласты. Дәл осындай ойын-сауық бағдарламасы қаланың барлық ауданында ұйымдастырылып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар қала тұрғындарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бақ-береке тіледі.