Бүгін, 18 желтоқсанда, Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс бағдарламасындағы алғашқы старт — әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт.
Аталған жарыста Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынайды. Спринтте Дарья Климина, Милана Генева және Алина Скрипкина жарыс жолына шығады.
Жарыстың басталу уақыты — Астана уақытымен 18:15.