Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ақорданың хабарлауынша, екі елдің ресми делегация мүшелері 14 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойды.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-ЖомартЖапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізгенін хабарлаған едік.

Президент Қазақстан делегациясына көрсетілген қонақжайлық үшін жапон тарапына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынаста жаңа кезеңнің басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Жапония Қазақстан үшін Азиядағы уақыт тезінен өткен сенімді әрі стратегиялық серіктес саналады.