Бүгін Астанада "ҚазТрансОйл" және "Транснефть" ЖАҚ делегацияларының кездесуі өтті.


Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, 2026 жылға арналған Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік режимде тасымалдау бойынша қызметтер көрсету туралы келісімшартқа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазТрансОйл" және "Транснефть" компанияларын мұнай тасымалдау саласындағы сенімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген көпжылдық серіктестік қатынастар байланыстырады.

"Ортақ жұмыс қазақстандық мұнайдың Ресей Федерациясының аумағы арқылы Новороссийск және Усть-Луга теңіз порттары бағытында, сондай-ақ Еуропалық Одақ елдеріне одан әрі тасымалдау үшін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының шекарасына қарай экспортын, сондай-ақ Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етеді", – делінген ұлттық транзиттік компания таратқан хабарламада.