Ұлттық статистика бюросы басшысының м. а. 2025 жылғы 10 желтоқсандағы бұйрығымен респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда жазылды.

Бекітілетін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигі (график) бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.

Статистикалық нысандардың атауы, ұсыну мерзімдері, кезеңділігі, респонденттер тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысандарының титулдық беттерінде көрсетіледі.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректер:

  • мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында (ведомствоның интернет-ресурсы) "Респондент кабинеті" арқылы электрондық түрде;
  • қолма-қол не пошта байланысы қызметтері арқылы ұсынылған қағаз жеткізгіште;
  • телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
  • қағаз жеткізгішті немесе дербес есептеу құрылғысын (планшетті) пайдалана отырып, интервьюер жеке сауалнама жүргізген кезде ұсынылады.

Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректер қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы электрондық түрде немесе арнайы байланыс арнасы арқылы ұсынылады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің өзге тәсілдермен ұсынуына жол берілмейді.

Жүріп-тұруға тыйым салынатын карантин, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің аумақтық бөлімшелер) интервьюерлеріне бастапқы статистикалық деректерді ұсынатын үй шаруашылықтарын қоспағанда, респонденттер бастапқы статистикалық деректерді ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинеті" арқылы электрондық түрде телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы ұсынады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күнін тіркеу:

  • электрондық түрде, ведомствоның интернет-ресурсында "Респонденттің кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі;
  • қағаз жеткізгіште, күні қолма-қол ұсынылған аумақтық бөлімшелердің титулдық парақтардағы мөртабанымен не пошта байланысы қызметтері арқылы ұсынылған пошта қызметтерінің пошта мөртабанымен тіркеледі;
  • телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі;
  • интервьюердің қағаз жеткізгішті пайдалана отырып, респондентке жеке сауал салу жүргізуі кезінде күнді интервьюер респондентке барған күні тіркейді;
  • интервьюердің дербес есептеу құрылғысын (планшетті) пайдалана отырып, респондентке сауал салу жүргізуі кезінде жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі.

Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күнін тіркеу:

  • қағаз жеткізгіштерде ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қызметкерлері тіркейді;
  • электрондық түрде ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде тіркеледі.

Егер статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге түссе, статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізілетін респонденттер тобы байқау әдісін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық тіркелімдер деректері бойынша анықталады.

Респонденттер жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша ұсыну қажет статистикалық нысандардың тізбесін жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы ведомствоның интернет-ресурсында "Респонденттің кабинетінде" немесе респонденттің сұрау салуына сәйкес аумақтық бөлімшелерде, сондай-ақ "Респонденттің кабинеті" мобильді қосымшасы арқылы дербес алады.

Респонденттер аумақтық бөлімшелерге ұсыну қажет статистикалық нысандардың алынған тізбесіне сәйкес іріктемелі зерттеуге енгізу нәтижесін ведомствоның интернет-ресурсында "Респонденттің кабинеті" арқылы немесе орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерде дербес нақтылайды.

Ұсыну қажет статистикалық нысандардың тізбесі статистикалық жұмыстар жоспары бойынша қалыптастырылады.

Респонденттерге "электрондық үкімет" мобильді қосымшасының көмегімен push-хабарламалар арқылы белгіленген кезеңділікпен статистикалық нысандарды ұсыну қажеттілігі туралы еске салу жіберіледі.

Ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізілетін респонденттер тобын ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды.

Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар ұсынған толтыру үшін қажетті статистикалық нысандардың тізбесін алады.

Респондент жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын оны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін қайта ұсыну қажеттілігі туындаған кезде ведомствоның интернет-ресурсында "Респондент кабинетінде" өз бетінше өзгерістер енгізеді және есепті қайта тапсырады не аумақтық бөлімшелерге қағаз жеткізгіште ұсынады.

Мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін жүгінген кезде респондент қосымша ақпаратты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, қаржылық немесе бухгалтерлік құжаттар түрінде ұсынады.

Егер заңды тұлғалардың филиалдарына, өкілдіктеріне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне, статистикалық нысандарды тапсыру өкілеттіктері берілген жағдайда олар статистикалық нысандарды өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Өкілеттіктері болмаған жағдайда заңды тұлғалар статистикалық нысандарды өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде олардың орналасқан жерін көрсете отырып ұсынады.

Статистикалық байқауды жүргізудің әдіснамасында статистикалық нысандарды тек заңды тұлғалар немесе тек филиалдар, өкілдіктер және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің ұсынуы көзделген жағдайда статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының статистикалық байқауды жүргізудің әдіснамасына сәйкес ұсынылады.

Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері статистикалық нысандарды мемлекеттік статистика органдарына филиалдардың, өкілдіктердің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша ұсынады.

Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект таратылған кезде оған қатысты барлық бастапқы статистикалық деректер статистикалық нысаннан алынбайды. Егер есепті кезеңде заңды тұлға қайта құрылған немесе құрылымы өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда бастапқы статистикалық деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымына сәйкес келтіріледі.

Заңды тұлға таратылғанға немесе банкрот деп жарияланғанға дейін, өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға жылдық кезеңділіктегі статистикалық нысандар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тоқсандық кезеңділіктегі ведомстволық статистикалық байқаулар нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.

Тоқсандық кезеңділіктегі ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған жағдайда тарату туралы бұйрық қабылданған кезеңге тарату балансын сұратады.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар бастапқы статистикалық деректерді тіркелген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады.

Заңды тұлға қызметі болмаған жағдайда осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарлама ұсынады.

Үй шаруашылықтары бастапқы статистикалық деректерді аумақтық бөлімшелердің интервьюерлеріне тапсырады.

Бұйрық 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.