«Қазақстан барысының» үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында спорттағы ең үлкен қателіктерінің бірі – тәртіпке салғырт қарағаны екенін ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Палуанның сөзінше, көп спортшы чемпион атанғаннан кейін өмір бойы құрмет пен қошеметке бөленемін деп ойлайды. Алайда бұл – уақытша құбылыс.

«Қазір спортшылармен сөйлескенде осыны жиі байқаймын. Чемпион болсам, төрде отырамын, бәрі сыйлайды деп ойлайды. Мен де дәл солай ойладым. Бірақ өмір олай емес екен», – дейді ол.

Сонымен қатар Ыстыбаев спортшылардың мінезі ауырлау, тез өкпелегіш болатынын да жасырмады.

«Оларды бірден жұмсау қиын. Құр “бар, алып кел” десең, ешкім қозғалмайды. Ал жылы сөйлеп, “айналайын, палуан, бізге қарағанда жеңілдеу жүресің ғой” десең, барып келеді. Мұндай кезеңнен бәріміз өттік», – деп атап өтті балуан.

Оның айтуынша, жастар уақыттың қадірін көбіне кеш түсінеді.

«Өзім де кеш ұқтым. Әлем чемпионы болуға мүмкіндік болды. Бірақ сол кезде жаттығуды да дұрыс жасамадым, керек жерге бармадым, кейде ұйықтап қалатынмын. Жастықтың қырсықтығы болды. Өзіңе тым сенімді боласың. Таразда мені жаттықтырған Серік ағай “сенің де орныңды басатын адам табылады” деп жиі айтатын. Ол кезде сөзін ауыр қабылдайтынбыз. Негізі, спортта тәртіп сақтаған адам ғана биікке жетеді», – деп түйіндеді Бейбіт Ыстыбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)