Елде өлім-жітім азайды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Әсіресе сәбилердің көз жұму жағдайлары сейілген. Бұл туралы тиісті ведомтсво мәлімдеді.
Сондай-ақ жылдан жылға ел тұрғындарының медициналық қызметке сенімі артып келеді. Қазіргі есеп бойынша, халықтың 43,2 пайызының сала жұмысына көңілі толады. Еске сала кетейік, елде биылдан бастап көрсетілетін медициналық қызметтерді бақылап, ашықтығын қамтамасыз ету үшін емдеу мекемлерінде бірыңғай төлем жүйесі енгізілді.