Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.
Алматыдағы Бостандық ауданында жылу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезінде үш көшеде автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.
30 мамырдан бастап 15 тамызға дейін Бұқар Жырау желекжолында Байтұрсынов көшесінен бастап С. Марков көшесіне дейін солтүстік жағынан автокөлік қозғалысы шектеледі. 29 мамырдан бастап Бұқар Жырау желекжолының оңтүстік жағымен қозғалыс қайта іске қосылады, делінген хабарламада.
- 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.
- 2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Габдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.
"Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегментінің жүргін бөлігінің астымен жүргізілген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1 маусымнан бастап орташа жол жөндеу жұмыстары басталады
Еске салсақ, Бостандық ауданында Габдуллин – Хамит Ерғалиев, Жағалау маңы – Бұқар Жырау – Байтұрсынов көшелерінің контурында орналасқан, жалпы ұзақтығы 2,7 километрді құрайтын, 1983 жылы пайдалануға берілген құбыржолды жаңғырту жоспарланып отыр. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.
Әкімдіктің мәліметінше, жылу трассасы 128 көппәтерлі тұрғы үйдің, 25 жеке үйдің тұрғындары, екі балабақша, бір мектеп, бір медицина мекемесі және 65 басқа да объектілер үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді.