Желіде елордалық балабақшадан видео тарады. Онда тәрбиешінің 3 жасар балаға күш көрсеткен сәті бейнеленген, деп хабарлайды Астана білім беру басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Желіде Астана балабақшаларының бірінде тәрбиеші үш жасар балаға күш көрсетті деген ақпарат тарады. Ондағы мәліметке сай, анасы ұлының денесінің көгергенін байқап, бейнебақыылау камераларын қарауды сұраған.

"Видеодан балабақша қызметкері баланы қатты жұлқыып қалып, оның басын керегеге ұрып жіберетінін көруге болады. Анасының сөзінше, оқиғадан кейін енді ғана сөйлеп үйреніп жүрген бала сөйлемей қалған", — делінген видео сипаттамасында.

Қалалық білім беру басқармасы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Биыл қарашада жеке меншік балабақшада тәрбиеші үш жастағы балаға қатысты күш көрсеткені тіркелді. Қазіргі таңда тәрбиеші қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді", — делінген ведомство хабарламасында.

Бұл дерек бойынша құқыққорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

Сонымен бірге біз Астана полиция департаментіне ақпараттық сұрау салды. Мақала жарияланған кезде жауап келген жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз