Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады

Қазақстанда алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 18 желтоқсанда ауа райы қолайсыз болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы “Қазгидромет” РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылады:

“Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: боран соғып, қар жауады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ болады деп күтіледі”.

Сондай-ақ, республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, жел екпін алады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.